Түркияның Marmara Group қорының президенті Аккан Сувердің айтуынша, Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті сәтті өтті. Ол саммиттің түркітілдес мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуде серпіліс жасағанын жеткізді.
Сувер Зангазур дәлізінің тезірек ашылуына Түркі мемлекеттерінің ұйымына мүше-мемлекеттері тарапынан көрсетілетін қолдаудың маңызын атап өтті. Самарқанд саммиті БАҚ өкілдері үшін де маңызды болғанын жеткізді. Саммитте «Түркі ақпарат агенттіктері альянсы» (ATNA) құру туралы шешім қабылданды.
Marmara Group қорының президенті Түркі мемлекеттерінің ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының Нахчыван келісіміне қатысты міндеттемелерін атап көрсетуіне де ерекше тоқталды.