• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Қараша, 2022

Елбасы мәртебесін жою туралы заң жобасы әлі қабылданған жоқ

301 рет
көрсетілді

Үкімет отырысында Әділет министрі Қанат Мусин «Тұңғыш Президент - Елбасы туралы» заң жобасына қатысты бірқатар түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әділет министрі Тұңғыш Президенттің ерекше мәртебесі туралы барлық ескертулер Конституциядан алынып тасталғанын еске салды.

«Тиісінше, қазір отандық заңнаманы Конституцияға сәйкес келтіру жұмыстары жүргізілуде», деді Қанат Мусин.

Бұл ретте, министр заң нақты қашан күшін жоятынын айтқан жоқ.

«Заң, әрине, Конституцияға сәйкес келтіріледі. «Тұңғыш Президент туралы» заңның күшін жою туралы шешім қабылданады. Жұмыс жоспарлы түрде жүргізілуде. Әзірге мерзімдер жоқ, бірақ заң шығару бастамасы тек Үкіметке ғана емес, ол Президент пен Парламент депутаттарына да тиесілі», деп қосты Қанат Мусин.

Ол аталған заңнын күшін жою туралы шешім депутаттардың бастамасы бойынша да қабылдануы мүмкін екенін түсіндірді. Бірақ бүгінгі күнге дейін Парламенттен мұндай заң жобасы түскен жоқ.