• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Қараша, 2022

Қарағанды-Балқаш автожолының реконструкциясы қашан аяқталады

199 рет
көрсетілді

Қарағанды – Балқаш тас жолын қалпына келтіру 2023 жылдың соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапарында Қарағанды – Балқаш, Балқаш – Бурылбайтал автожолдарында жүріп жатқан жаңғырту жұмыстарын аяқтауды тапсырған болатын.

Тапсырма аясында, қазір Қарағанды – Балқаш автомобиль жолында ұзындығы 363 шақырымға жететін 8 жол учаскесінде жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 

«Жол учаскелерінде жалпы ұзындығы 8 шақырым болатын 16 айналма жол қарастырылған. Жыл соңына дейін тиісті жұмыстар аяқталып, жаңа жол жабынына байланысты қозғалыс үдерісін 13 айналма жолға ауыстыру жоспарланған. Автожолды қайта жаңарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын 2023 жылдың аяғына дейін дайын болады», деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Балқаш – Бурылбайтал автомобиль жолының учаскесінде жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары бойынша, мұнда 288 шақырымның 6 учаскесінде жол жабынын төсеу жүргізіліп жатыр. Жаңа асфальтбетонмен жол қозғалысы 161 шақырым жерге қамтамасыз етілген. Аталған жобаны соңына дейін жеткізу 2023 жылдың соңына межеленіп отыр.

«Жезқазған – Қарағанды автомобиль жолы бойынша қазір 513 шақырымға жобалық-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жоба 12 учаскеге бөлінген. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді 2023 жылы аяқталады. Құжаттаманың дайын болуына байланысты тиісті жұмыстар кезең-кезеңмен жасалады», деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.