Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі техникалық жарақтандыруға өтінім берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тілшілер министрден ТЖМ-ны техникамен толық жабдықтауға қанша ақша қажет екенін сұрады.
«Техникалық жарақтандыруға 45 млрд теңгеден астам қаражат қажет. Тікұшақтарды да, техниканы да өндіру ұзақ уақытты талап етеді. Біз техникалық жарақтарды кезең-кезеңмен ұлғайту, соның ішінде бөлімшелерімізді қайта жарақтандыру бойынша өтінім бердік», деді Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.
Ол сондай-ақ Қостанай облысындағы өрттер бойынша тергеу жалғасып жатқанын қоса айтты.