Елордада үстел теннисінен «Astana» клубы жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Клубтың негізгі мақсаты мен міндеті - халықаралық деңгейдегі теннисшілерді дайындауға жағдай жасау. Сондай-ақ ең мықты спортшыларды және перспективалық резервті анықтау бойынша турнирлер өткізу, материалдық-техникалық базаны нығайту, кәсіби қазақстандық және шетелдік клубтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту бойынша жұмыс жүргізу, тәжірибе алмасу және соңғы спорттық жетістіктерді енгізу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Аталған клуб халық арасында олимпиадалық спорттың одан әрі дамуына оң әсерін тигізеді.