Алматыда №59, №113 және №205 автобустарының қозғалыс сызбасы өзгерді. Сондай-ақ №14 маршруттағы жылжымалы құрам жаңартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жолаушылардың өтініші бойынша 14 қарашадан бастап №59, №113 және №205 маршруттардың қозғалыс сызбалары өзгерді. Енді олар Құлжа трактісі мен Бұқтырма көшесінің қиылысынан өтіп бара жатқанда Рысқұлов даңғылына бұрылып, аялдама пункттеріне барып, көпір астынан өтеді», деп хабарлады қаланың көлік холдингі.
Сондай-ақ Алматыда қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 16 қарашадан бастап №14 маршрутқа 15 жаңа автобус шығады.