Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 60 адам анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі ресми мәлімет таратты, деп жазады Egemen.kz.
16 қараша күнгі көрсеткіш 747 адамның КВИ-дан ем алуды жалғастырып жатқаны айтылған. Оның ішінде 86 пациент стационарларда, 661 адам амбулаториялық деңгейде ем алып жатыр.
КВИ-дің оң және теріс нәтижесімен ауырғандардың ішінен 5 пациент ауыр жағдайда, аса ауыр дәрежеде 2 пациент тіркелген. Ал тағы 2 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.