• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 16 Қараша, 2022

Президент Конституциялық реформаға қатысты пікір білдірді

325 рет
көрсетілді

Конституциялық реформа саяси жүйеміздің қызмет етуінің мүлде жаңа стандарттарын белгілейді, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты жаңаша айқындайды. Бұл туралы Президент Алматы жұртшылығымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Наурызда мен мемлекеттің негізгі институттарын қайта іске қосуға бағытталған саяси жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын ұсындым. Маусым айында өткен жалпыхалықтық референдумда халқымыз тағы да бірлігін танытып, Конституцияға енгізілген өзгерістерді қолдады. Конституциялық реформа саяси жүйеміздің қызмет етуінің мүлде жаңа стандарттарын белгілейді, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты жаңаша айқындайды», деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, бұл бұрынғы барлық қайта құрулардың жалғасы және мемлекеттігімізді одан әрі нығайтудың берік іргетасы.

«Конституциялық реформаны іс жүзінде жүзеге асыру аясында 5 қарашада таяу күндері күшіне енетін бірқатар іргелі заңға көпшілік алдында қол қойдым. Біз жер мен барлық табиғи ресурстар халыққа тиесілі деген принципті маңызды норманы бекіттік. Сондай-ақ аралас сайлау жүйесіне көшуді бекіттік. Осының барлығы мемлекеттің тұрақты дамуына, азаматтық қоғамның прогрессивті ілгерілеуіне және халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға жағдай жасайды», деп қосты ол.