• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 16 Қараша, 2022

«ҚазМұнайГаздың» қарызы 8 млрд доллардан асады

1518 рет
көрсетілді

Бұл туралы ұлттық компания басшысы  Мағзұм Мырзағалиев  айтты, деп жазады Egemen.kz.

Оның айтуынша, бұл көп сома емес, компания қарызы жүйелі түрде азайып келе жатыр.

«30 маусымдағы жағдай бойынша, біздің компанияның жалпы қарызы, басқаша айтқанда, 2022 жылғы бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша, доллармен айтсақ, барлығы 8 миллиард 366 миллион. Қарызға келетін болсақ, ол жүйелі түрде азайып келе жатқанын айта кеткен жөн», дейді Мырзағалиев.

Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» басшысы компанияның қарызы 2014 жылмен салыстырғанда біршама азайғанын атап өтті.

"Халықаралық және отандық инвесторлармен жұмыс істеу тәжірибеміз өте бай. Қарызға келетін болсақ, 2014 жылы компанияның қарызы шамамен 19 миллиард доллар болды. Қазір ол екі еседен аса азайып, 8,3 миллиард доллар болды. Бізде инвесторларымызға, негізінен батыстық инвесторларға өте ыңғайлы төлеу кестесі бар. Бізде ол негізінен долларда", деп қосты ол.