Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Жапонияның Кобе қаласында өтіп жатқан «Челленджердің» бірінші кезеңінен сүрінбей өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Бірінші кезеңде қазақстандық спортшы жергілікті теннисші Ючи Сугитамен кездесіп, 4:6, 6:4, 6:4. есебімен жеңіске жетті. Матч барысында Бейбіт Жукаев 24 эйс жасады.
Екінші айналымда Жукаев турнирдің бірінші ракеткасы австралиялық Кристофер О'Коннеллге қарсы шығады.