• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Қараша, 2022

Шалғайдағы гарнизондар Қорғаныс министрлігінің басты назарында

297 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша Қарулы күштердің басшылық құрамы әскери бөлімдерге жұмыс сапарларын жалғастыруда. Оның ішінде шалғайдағы гарнизондарға да ерекше назар аударылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қорғаныс ведомствосының бір топ офицерлері Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновтың басшылығымен Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында орналасқан құрамалар мен әскери бөлімдерде болды.

Гвардейск, Жетіген, Қонаев, Луговой, Тараз және Сарыөзек гарнизондарында Қорғаныс министрінің орынбасары әскери қызметшілермен, азаматтық персоналмен және олардың отбасы мүшелерімен кездесті. Ол Президенттің «Әділетті мемлекет, Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауының негізгі бағыттары аясында елдің одан әрі даму көкжиегі туралы айтты.

Жұмыс тобының өкілдері әскери қызметшілерді зейнетақымен, тұрғын үймен және медициналық қамтамасыз етуді реттейтін заңнаманың ерекшеліктерін, Қарулы күштердің жеке құрамын әлеуметтік қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі қорғаныс ведомствосының қабылдаған шараларын түсіндірді.

– Отан қорғаушылар өздерін қызметке толығымен арнауы үшін мемлекет барлық қажетті жағдайды жасап жатыр. Ел қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, біз миллиондаған азаматтарымызға бейбіт аспан астында өмір сүруге, еңбек етуге және балаларды тәрбиелеуге, әділетті Қазақстан құруға мүмкіндік береміз, - деді кездесу барысында генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов.

Қорғаныс министрлігінің өкілдері гарнизон тұрғындарының көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда тұратын әскери қызметшілер және бұрын қызметте болғандарға қатысты өзге де мәселелер түсіндірілді.