• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Бокс 17 Қараша, 2022

Жәнібек Әлімханұлына рингке шығуға тыйым салынды

407 рет
көрсетілді

Жәнібек Әлімханұлына 2022 жылдың 13 желтоқсанына дейін жекпе-жек өткізуге ресми түрде тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

WBO орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) 13 қарашада Лас-Вегаста британдық Дензель Бентлимен (17-2-1, 14 КО) жекпе-жек өткізген.

Кездесу Әлімханұлының жеңісімен аяқталды.

Жекпе-жектен кейін Невада штатының Атлетикалық комиссиясы боксшыларға бірқатар шектеу қойды.

Енді қазақстандық боксшыға 2022 жылдың 13 желтоқсанына дейін жекпе-жек өткізуге ресми түрде тыйым салынады, ал Бентли рингке 28 желтоқсанға дейін шықпайды.

Бұл шара медициналық сипатта енгізілгені қоса хабарланды.