Жыл басынан бері 496,6 мыңға жуық отбасы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін алды. Қазан айында ғана 494 мың отбасына 29,9 млрд теңге жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған мемлекеттік жәрдемақыны 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар ала алады.
«Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы 4 балаға – 50 975 теңге, 5 балаға – 63 727 теңге, 6 балаға – 76 479 теңге, 7 балаға – 89 231 теңге, 8 балаға – 101 760 теңге, 9 балаға – 114 480 теңге, 10 балаға – 127 200 теңге, 11 балаға – 139 920 теңге, 12 балаға – 152 640 теңге, 13 балаға – 165 360 теңге, 14 балаға – 178 080 теңге, 15 балаға – 190 800 теңге, 16 балаға – 203 520 теңге немесе әр балаға 12 720 теңге төленеді», делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.