ҚР Парламенті Сенатының кулуарларында Қаржы министрі - Премьер-Министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев министрлердің айлық табысы жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы министрінің айтуынша, министрлердің жалақы мөлшері еңбек өтілі мен біліктілігіне қарай белгіленеді.
«Барлығы еңбек өтіліне, біліктілігіне байланысты. Менің ойымша, олардың жалақысы 500-600 мың теңгеден басталып, 1,5 – 1,7 млн теңгеге дейін жетеді», деді Ерұлан Жамаубаев.
Осы орайда, тілшілер Премьер-Министрдің табысы туралы сұрады.
«Егер Әлихан Асханұлы рұқсат берсе, айта аламын. Дәл қазір айта алмаймын», деп жауап берді Қаржы министрі.