• RUB:
    4.91
  • USD:
    443.03
  • EUR:
    480.38
Басты сайтқа өту
Теннис 17 Қараша, 2022

Михаил Кукушкин Хельсинкидегі турнирдің ширек финалына өтті

143 рет
көрсетілді

Қазақстандық Михаил Кукушкин Хельсинкидегі челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемнің 239-ракеткасы Кукушкин екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 298-орында тұрған ресейлік Евгений Карловскиймен кездесті.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші басымдылық танытты – 6:2. Екінші сетте есеп 4:2 болған кезде қарсыласы матчты жалғастырудан бас тартты

Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 140-ракеткасы, германиялық Янник Ханфманн немесе рейтингте 153-сатыдағы ұлыбританиялық Райан Пенистонның біреуімен кездеседі.