• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Қараша, 2022

Астанадағы өрт: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

523 рет
көрсетілді

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

16 қарашада төрт науқас жедел жәрдем көлігімен №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндіруші 1994 жылы туған Асқар Забикулин қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ол 3-дәрежелі күйік алған. Жағдайы өте ауыр.

№10 өрт сөндіру бөлімінің командирі, 1988 жылы туған Кемпіров Аянның жағдайы орташа.

«Екі науқас токсикология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Екеуінің де жағдайы орташа ауыр. Жағдайлары жақсарды», деп хабарлады Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Еске сала кетейік, кеше «Қаһарман» тұрғын үй кешенінде 11-қабаттағы пәтерден өрт шықты. Өрт сөндірушілер бес адамды, оның ішінде бір баланы құтқарып, он адамды қауіпсіз жерге көшірді.