Ұлттық банк 18 қарашаға арналған доллардың теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұма күні доллардың ресми бағамы 459,05 теңгеге тең болады. Айта кетейік, америкалық валютаның 17 қарашадағы ресми бағамы 459,35 теңге болған.
Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 460,64 теңгеден сатып алынып, 463,16 теңгеден сатылуда. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 461,22 теңге, сату – 465,04 теңге.