Ақтөбе перинаталды орталығында Фатима, Мадина, Әмина есімді үшем өмірге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Әмина 2200, Фатима 2020, Мадина 2000 грамм болып дүниеге келді. Қазір әрқайсысы салмақ қосып жатыр. Ана мен үшемнің жағдайы жақсы. Анасы кесір тілігі арқылы босанды. Шамамен 34-35 аптада босандырып алдық», деді облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Гүлшат Темірбаева.
Оның айтуынша, биыл облыстық перинаталды орталықта үш үшем өмірге келген.