15 қарашада Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері екі тұрғыннан 14 келіге жуық бекіре балығын тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
15 қараша күні «Браконьер» жедел-іздестіру іс-шарасы барысында жергілікті полиция қызметкерлері Ақтау қаласындағы базарлардың бірінен жалпы салмағы 14 келіге жуық болатын 9 бекіре тұқымдас балық тәркіледі. 52 жастағы азаматша мен 40 жастағы азамат жауапкершілікке тартылады.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-да тіркелген. Тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.