• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 18 Қараша, 2022

Тіркеле алмағандар да дауыс береді

221 рет
көрсетілді

Алда келе жатқан кезектен тыс президент сайлауында Алматы тұрғындары тіркеуде бар-жоғына қарамастан, дауыс бере алады. Заңнамада уақытша немесе тұрақты тіркелген азаматтар дауыс бере алатыны анық жазылған.

Қазіргі сайлау науқанына дейін тұрақты тіркеуі жоқ қазақстандықтардың дауыс беруіне жол берілмей келді. Үкімет қаулысымен ішкі мигранттарды тіркеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, бұл азаматтардың тіпті сайлау күні тікелей сайлау учаскесінде тіркелуіне мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес азаматты сайлау құқығын жүзеге асыру және сайлаушылар тізіміне енгізу мақсатында тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған адамдарды тіркеу тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші негізінде дауыс беру күні сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша ғимарат­қа немесе үй-жайға тіркеуге рұқсат етіледі», делін­ген ішкі мигранттарды тіркеудің жаңартылған қағидаларында.

Осылайша, тіркеуі жоқ алматылықтар мен басқа өңірлердің тұрғындары 20 қараша күні сайлауда дауыс бере алады.

Сайлау күні әрбір ауданда арнайы учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істейді, олар арқылы дауыс беру үшін бір күнге тіркелуге болады. Келесі күні, 21 қарашада жүйе сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша тіркелген азаматтарды есептен шығарады. Сайлау күні Алматыда 55 сайлау учаскесі жұмыс істейді, қалада тіркеуі жоқ болған жағдайда оларға тіркеліп, дауыс беруге болады. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова мәлімдеді.

 

АЛМАТЫ