• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Қараша, 2022

Петропавлда электр оқшаулағыш зауытынан өрт шықты

187 рет
көрсетілді

Өткен түні Петропавлда электр оқшаулағыш материалдарын шығаратын кәсіпорында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, түнгі сағат үштер шамасында «Изолит» ЖШС бір қабатты цехының техникалық шахтасында лакпен тоқылған бұйымдар мен электр оқшаулағыш материалдарын шығаратын құрал-жабдықтар жанып кеткен.

«Цех қабырғалары бетон, биіктігі 12 метр. Өрттің жалпы аумағы 144 шаршы метрді құрады. Өрт орнынан төрт адам эвакуацияланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», деді баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге үш сағатқа жуық уақыт кеткен.