• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 18 Қараша, 2022

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

206 рет
көрсетілді

Қазгидромет 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республиканың басым бөлігіндегі ауа райының тұрақсыз сипаты атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты болады. Атап айтсақ, жауын-шашын күтіледі, солтүстікте қар жауады, республиканың қалған бөлігінде қар аралас жауын-шашын күтіледі.

20 қарашада республиканың шығысында қатты қар, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта бұрқасын болады деген болжам бар. Ауа температурасы түнде солтүстік-батыс және солтүстікте 15-23 аязға дейін, шығыста 12-20 аязға дейін төмендеуі мүмкін.