• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 18 Қараша, 2022

Мұнай бағасы қымбаттады

641 рет
көрсетілді

Жұма күні халықаралық биржаларда Brent маркалы мұнайдың баррелі 90,32 долларға бағаланды, деп хабарлайды  Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Бейсенбіде өткен соңғы сауда-саттықта бұл маркалы мұнайдың құны 92,91 долларға жетіп, ақыры 89,78 долларға бағаланды.

Бүгін бұл эталондық мұнай маркасының бағасы 0,60 пайызға өсіп, барреліне 90,32 долларға жетті.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 82,31 долларды құрады.