• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Қараша, 2022

Алматы-Екатеринбург тас жолында үш адам көз жұмды

169 рет
көрсетілді

Алматы-Екатеринбург тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«18 қарашада Алматы-Екатеринбург тас жолында 21 жастағы ВАЗ-21015 жеңіл автокөлігінің жүргізушісі Балқаш қаласына қарай жүріп келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, 45 жастағы жүргізушінің MAN фурасына соғылған. Соққыдан жеңіл автомобиль кюветке құлады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-21015 жүргізушісі мен оның екі жолаушысы қайтыс болды», делінген полиция хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.