Азия теннис федерациясы 14 және 16 жасқа дейінгі ойыншылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 жасқа дейінгі қыздар рейтингінде бірінші орынды астаналық Альбина Какенова иеленді. Спортшының активінде 3922 ұпай бар. Азия рейтингінің ең мықты ондығына Ева Корышева (Ақтөбе) мен Ариана Гогулина (Астана) кірді.
16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында бірінші орынға алматылық Сафина Сафиуллина көтерілді, жас теннисші 720 рейтингтік ұпай жинаған. Сондай-ақ аталған рейтингтің ондығына Полина Слепцова, Айя Нупбай, Кәрім Темірлан және Тихон Сорокин кірді.