• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауа райы 18 Қараша, 2022

Бұрқасын, тұман, көктайғақ: Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

603 рет
көрсетілді

19 қарашада республиканың тоғыз облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында баяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с. Петропавлда 19 қарашада күндіз батыстан, солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жел күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

Ақмола облысының орталығында баяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұманды болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. 

19 қарашада түнде Түркістан облысының таулы аймақтарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады. Батыста, оңтүстікте, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел тау асуларында 15-20 м/с. Шымкентте 19 қарашаға қараған түні кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. 

19 қарашада күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында қар жауады. Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Таразда 19 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының солтүстік жартысында қар жауып, баяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.