• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қараша, 2022

Катонқарағай тұрғыны омартада бір килограмнан астам марихуана сақтаған

315 рет
көрсетілді

«Қарасора» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өрел ауылы ҚМШЖ бастығының орынбасарымен және Катонқарағай ауданының полицейлерімен бірлесіп есірткі сақтады деген күдікпен Барлық ауылының 36 жастағы тұрғынын ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәртіп сақшылары жақын маңдағы елді мекеннен 10 шақырым жерде орналасқан күдіктіге тиесілі омартаға шұғыл тінту жүргізген. Онда сарайдың төбесінде және еден сөрелерінде полиция қызметкерлері өсімдік тектес жасыл түсті заты бар бірнеше банка, сөмкелер мен қағаз орамдарын тапқан.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, зат салмағы 1 кг 76 грамм «кептірілген марихуана» есірткі құралына жатады. Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», делінген ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.