• RUB:
    5.47
  • USD:
    475.18
  • EUR:
    510.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 20 Қараша, 2022

Қызылорда облысында соғыс ардагері дауыс берді

260 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында 373 сайлау учаскесі, 482 934 сайлаушы бар.  Алғашқылардың бірі болып Сырдария ауданында тұратын қарт сайлаушы, соғыс ардагері, 101 жастағы қария Яхия Тасыров сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарт майдангер ел дамуына негіз болатын саяси науқанға әрбір азамат бей-жай қарамау қажеттігін айтты. Қария өз таңдауын жасағаннан кейін батасын беріп, сәттілік тіледі.