Қостанай облысында барлық сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-де жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Малашконың айтуынша, бүгінде облыста 745 сайлау учаскесі бар.
Қостанайдағы №10 мектепте азаматтар таңнан бері дауыс беруде. Олардың арасында жастар көп.
«Биыл сайлауға бірінші рет қатысып отырмын. Мен өз құқығымды пайдаланып, еліміздің болашақ Президенті үшін дауыс беруге мүмкіндігімнің бар болғанына қуаныштымын», дейді 18 жастағы қала тұрғыны.
Сайлаудың заңдылығын қамтамасыз ету үшін барлық сайлау учаскелерінде байқаушылар жұмыс істейді.