Орталық сайлау комиссиясы сағат 10:00-дегі жағдай бойынша әзірленген деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ОСК мүшесі Шавкат Өтемісовтің айтуынша, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Республиканың 2 млн 792 мың 962 азаматы дауыс беру бюлетенін алған. Бұл тізімдегі барлық адамның 23,37 пайызын құрайды.
Сондай-ақ ол өңірлер бойынша дауыс берушілер көрсеткішін атап өтті:
Абай облысы бойынша – 25,64 % Ақмола облысы бойынша – 21,21 % Ақтөбе облысы бойынша – 26,66 % Алматы облысы бойынша – 20,12 % Атырау облысы бойынша – 25,03 % Батыс Қазақстан облысы бойынша – 20,86 % Жамбыл облысы бойынша – 23,27 % Жетісу облысы бойынша – 25,58 % Қарағанды облысы бойынша – 32,27 % Қостанай облысы бойынша – 26,97 % Қызылорда облысы бойынша – 29,41 % Маңғыстау облысы бойынша – 25,20 % Павлодар облысы бойынша – 27,90 % Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 27,33 % Түркістан облысы бойынша – 27,03 % Ұлытау облысы бойынша 27,81 % Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 23,17 % Астана қаласы бойынша – 13,73 % Алматы қаласы бойынша – 8,42 % Шымкент қаласы бойынша – 30,92 %Айта кетейік, азаматтардың учаскелерге келуі туралы алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпарат сағат 22.05-те беріледі.