Өскеменде жас жұбайлар Жәнібек пен Мәдинаның отбасылық өмірлері ерекше басталды. АХАЖ бөлімінен кейін жастар өз таңдауларын жасау үшін сайлау учаскесіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 қараша – жас отбасылары үшін ерекше дата болып қалмақ. Дәл осы күні некелері қиылса, дәл осы күні еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс берді.
«Біз үшін, еліміз үшін бүгінгі күн – тарихи күн. Сондықтан да үйлену тойымызды сайлаумен байланыстырдық. Біз әділетті Қазақстан үшін дауыс бердік», дейді Жәнібек Ахметов.
Айта кетсек, жас жұбайлар Өскемендегі №49 учаскеде дауыс берді.