Бүгін ғана некелерін қидырған Кәрібай Алтынбек пен Гүлбаршын Әлімханова Қарағандының №82 сайлау учаскесінде дауыс беруге келді, деп жазады Egemen.kz.
Олар Қазақстанның экономикалық тұрақты даму жолындағы ел екендігіне сенімді. Сондықтан да бүгінгідей тарихи кезде дауыс беруді өздерінің азаматтық борышы ретінде санаса керек.
- Біз елімізді экономикасы тұрақты, болашағы зор, аяғынан нық тұрған мемлекет деп сеніммен айта аламыз. Жаңадан қабырғасы қаланып жатқан қоғамның бір бөлшегі ретінде дауыс беруге тиіспіз деп шештік. Біз өз таңдауымызды жасадық, - дейді жас жұбайлар.