Қызғалдақ АЙТЖАН
Қызғалдақ АЙТЖАН«Egemen Qazaqstan»
130 материал табылды

Қоғам • 13 Маусым, 2023

Ескерілмеген ерлік

Биыл наурыздың он үші күні Теміртауда көпқабатты үйдің үшінші қабатында газ жарылды. Жарылыстан алты адам зардап шекті. Оның төртеуі бала, екеуі ересек адам еді. Бұл туралы интернет арқылы ақпарат тез тарады. Жарияланған ақпаратта көпқабатты үйдің бір кіреберісіндегі он бес пәтер иесінің көшірілгені де айтылған болатын. Ауыр халдегі екі ересек пен төрт бала да ауруханаға түскен еді сол сәтте. Жарылыс туралы барлық БАҚ мәліметі осы сыңайда. Ал осы алты адамды газдан тұтанған өрттен алып шыққан кім?

Өнер • 12 Маусым, 2023

Халықаралық байқауда топ жарды

Мәскеуде Ю.Должиков атындағы үрмелі және ұрмалы аспаптарда орындаушылардың XII Халықаралық байқау-фестивалінде Балқаштағы Балалар өнер мектебінің тәрбиеленушісі Дана Сыздықова флейтада өнер көрсетіп, екінші орынды иеленді.

Қазақстан • 07 Маусым, 2023

«Saumal» бренді Дубайға экспортталады

Қарағанды аймағында бұған дейін Қытайға бие сүтін ұнтақ күйінде экспорттаушы «Еуразия Инвест ЛТД» ЖШС енді экспорт аясын кеңейтеді. Бұйыртса, компанияның «Saumal» бренді Дубайға жол тартады. «Еуразия Инвест ЛТД» ЖШС құрылтайшысы Иван Георгиадидің айтуын­ша, қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірлігімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Аймақтар • 07 Маусым, 2023

Балалар ауруханасы ашылды

Жуырда Қарағандыда жаңа облыстық балалар клиникалық ауруханасы есігін айқара ашты. Көп жылдан бері құрылысында кедергілерге тап болған аурухана тәулік бойы 200 баланы қабылдап, ем-дом жасауға қауқарлы. Мұнда барлығы 450 дәрігер ем жүргізеді. Жабдықтары озық. Сонымен қатар аурухана қатары травматология-ортопедия, нейрохирургия және жақсүйек-бет хирургиясы бөлімшелерімен толыға түсті. Аурухана директорының айтуынша, бұған дейін ондай науқастар мүмкіндік жоқтықтан Астанаға, я болмаса Х.Мақажанов атындағы клиникаға жіберілетін.

Жоба • 06 Маусым, 2023

«Террикон алқабының» өрендері

Былтырдан бастап Қара­ған­дыда IT-жобалар мен стартаптарды қолдауға арналған бірегей жоба – «Террикон алқабы» технологиялық IT-хабы іске қосылған болатын. Ұйымдастырушылар жергілікті IT және digital на­рықты дамытуды көздеп отыр.

Сенат • 28 Мамыр, 2023

Бірегей құжаттар жинағы таныстырылды

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қарағанды облысына келіп, өңірдегі мәслихат депутаттарымен кездесті. Сондай-ақ cаяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылған «Ашаршылық. Голод. 1928-1934» бірегей құжаттар жинағының жаңа томдарын көпшілікке таныстыру рәсіміне қатысты.

Аймақтар • 24 Мамыр, 2023

Жұмыспен қамту – басты бағыт

Қарағандылық кеншілер бір тәулікте 17 мың тонна көмір шығарып, метал­лургтер 8,5 мың тонна болат балқытады. Ірі жә­не шағын өндіріс өнер­кә­сіптері 9 млрд теңге­нің өнімін өндіреді. Қара­ған­­дының көтерме-сауда логис­тикалық орталық­та­­ры­нан 80 мың жүк ваго­ны мен көлік жан-жақ­қа жол тартады. Ал кәсіп­кер­лері күн сайын облыс эко­но­микасына 7 млрд тең­ге үлес қосады екен. Бұл – Орталық комму­ни­ка­ция­лар қызметі алаңын­да өткен брифингте облыс әкімі Ермағанбет Бө­лек­паев мәлімдеген деректер.

Құқық • 24 Мамыр, 2023

Балақан неге биіктен құлайды?

Ел аман, жұрт тынышта балалар майып боп жатыр. Тал түсте терезеден құлаған бала туралы хабар көп. Мәліметтерді парақ­тасаңыз, жан түршігеді. Мәселен, 2021 жылғы жария­ланған деректе соңғы бес жыл аралығында елде 150 бала биіктен құлап көз жұмыпты. Жас шамалары – екі жас пен бес-алты жас аралығы. Мамандар бұл оқиғалардың 2010 жылдан бері белең алғанын алға тартады.

Ауыл • 22 Мамыр, 2023

Ауыл мектептеріне – автобус

Қарағанды облысындағы ауыл мектептерінің ав­топаркі тағы сегіз жаңа автобуспен толықты. Кө­лік жол қауіпсіздігі талаптарына толық жауап береді. Ав­тобустар Hyundai Trans Auto зауытында жасалған.

Ипотека • 21 Мамыр, 2023

Ипотеканың игілігін көреді

Өңірде баспана алуға арналған бағдарламалар бар. Атап айтқанда, жастарға, кенші металлургтерге бағытталған ипотекалық бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Бұл – облыс әкімдігі мен «Отбасы банкінің» бірлескен жобасы. Мәселен, былтырдан бастап жас мамандарға арналған жеңілдетілген ипотека бағдарламасы іске қосылды. Оның пайыздық мөлшерлемесі 5 пайыз. Осы арқылы әлеуметтік, бюджеттік саладағы жастардың баспана алуына мүмкіндік мол. Тау-кенде жүрген металлург пен кеншілерге де берілер ипотеканың игілігін ел екінші жыл көрмек.