Медицина • 24 Ақпан, 2023
Медициналық туризм кенжелеп тұр
Тәуелсіздіктен бері отыз жылда негізінен индустриялық жобаларға басымдық беріліп, кейбір салалардың, атап айтқанда, туризмнің кенже қалғаны байқалады.
Инфографика • 23 Ақпан, 2023
Жеңіл өнеркәсіп: ірі өндірістің маңайына топтасады
Стратегиялық тұрғыдан таразыласақ, жеңіл өнеркәсіп азық-түліктен кейін екінші орында. Азық адамға қалай қажет болса, киім-кешек те тап сондайлық сұранысқа ие. Өнеркәсіптің аты жеңіл болғанымен, заты ауыр. Кейінгі жылдары көп кенжелеп қалды. Енді ғана көшін түзеуге тырысып келеді. Әйткенмен, көсіліп кете алмай тұр. Өйткені оның да өзгелер секілді сыртқа беймәлім, тек өзіне аян іштен жеген проблемалары баршылық.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2023
Жөнделген орталық, жаңарған жабдық
Денсаулық сақтау саласында білікті мамандармен қатар ем-дом көрсететін нысандардың заманауи әрі талапқа сай болуы – әлеумет көкейіндегі көп түйткілдің бірі. Жасыратыны жоқ, жер-жердегі медициналық ұйымдардың басым бөлігі кеңестік кезеңде қабырғасы қаланған екен. Бүгінде медицинаның алдында сол көне ғимараттарды жаңғырту һәм жаңарту міндеті тұр.
Экономика • 21 Ақпан, 2023
Қарағанды аймағында дала жұмыстарына дайындық басталды. Биыл дәнді дақылдар 1,1 млн гектар жерге себіледі. Бұдан бөлек, картоп пен көкөніс алқабы да ұлғаяды.
Халық • 20 Ақпан, 2023
Түрік бауырларымыздың басына түскен ауыр қайғыны төрткүл дүние бөлісіп жатыр. Әлем қайырым жасауға жұмылды. Оның арасында тегі мен тілегі бір біздің ел де бар. Қарағанды аймағынан түрік бауырларға 4 тонна қайырымдылық көмек жол тартты.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2023
Қарағандылық оқушылар Халықаралық Жәутіков олимпиадасында бір күміс, екі қола медаль еншіледі.
Үміт • 16 Ақпан, 2023
Бұрын ірі кәсіпкерліктің дамып, ал шағындар оның шаңына ілесе алмай қалғаны жиі айтылатын. Қазір олай деп шағынатын жөн де, жоба да жоқ. Өйткені кейінгі уақытта мемлекет шағын кәсіпкерліктің дамуына ден қойып отыр. Әсіресе қайтарымсыз гранттар біраз адамның кәсіп бастауына баспалдақ болып келеді.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2023
Тегін үйірмеге – төрт мың бала
Қарағанды аймағында балалардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін тегін үйірмелер көбейіп келеді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазір облыста ақысыз 144 үйірме жұмыс істеп тұр. Онда 4 806 бала түрлі бағытта өзін-өзі дамыта алады.
Тәрбие • 10 Ақпан, 2023
Қолы бостық, қарны тоқтық адамды аздырар болса, бұғанасы бекімеген бала үшін бұл қазір тіпті қауіпті. Интернет кеңістіктегі толассыз ағылған ақпараттың ағы мен қарасын айыра алмай, жеткіншектердің арбалып, алданып қалатыны – осы бос уақытының назардан тыс қалуында. Сондықтан да мемлекет қазіргі кезде баланың уақыты зая кетпеуі үшін тегін үйірме, секцияларға ден қойғаны мәлім.
Қоғам • 09 Ақпан, 2023
Жайылымның шұрайлысын, жердің қуаңдысын күлше бөліске салып, есепсіз иемденгендерге бұқараның өкпесі қара қазандай. Алдындағы ақадал малына қоң бітірер нуы мен суы мол ұлтарақтай да жер бұйырмаған соң тістеніп, тұрмыс кешкен жұрт өкпелемей қайтсін енді? Бірақ ел ішіндегі латифундистердің «шөп қорыған ит тірлігі» Президент тапсырмасынан соң енді-енді тыйылып келеді. Өзіне, не өзгеге көзі қимаған игерілмеген жерлер ел игілігіне қайтарыла бастады.