Қоғам • 13 Маусым, 2023
Биыл наурыздың он үші күні Теміртауда көпқабатты үйдің үшінші қабатында газ жарылды. Жарылыстан алты адам зардап шекті. Оның төртеуі бала, екеуі ересек адам еді. Бұл туралы интернет арқылы ақпарат тез тарады. Жарияланған ақпаратта көпқабатты үйдің бір кіреберісіндегі он бес пәтер иесінің көшірілгені де айтылған болатын. Ауыр халдегі екі ересек пен төрт бала да ауруханаға түскен еді сол сәтте. Жарылыс туралы барлық БАҚ мәліметі осы сыңайда. Ал осы алты адамды газдан тұтанған өрттен алып шыққан кім?
Өнер • 12 Маусым, 2023
Халықаралық байқауда топ жарды
Мәскеуде Ю.Должиков атындағы үрмелі және ұрмалы аспаптарда орындаушылардың XII Халықаралық байқау-фестивалінде Балқаштағы Балалар өнер мектебінің тәрбиеленушісі Дана Сыздықова флейтада өнер көрсетіп, екінші орынды иеленді.
Қазақстан • 07 Маусым, 2023
«Saumal» бренді Дубайға экспортталады
Қарағанды аймағында бұған дейін Қытайға бие сүтін ұнтақ күйінде экспорттаушы «Еуразия Инвест ЛТД» ЖШС енді экспорт аясын кеңейтеді. Бұйыртса, компанияның «Saumal» бренді Дубайға жол тартады. «Еуразия Инвест ЛТД» ЖШС құрылтайшысы Иван Георгиадидің айтуынша, қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірлігімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Аймақтар • 07 Маусым, 2023
Жуырда Қарағандыда жаңа облыстық балалар клиникалық ауруханасы есігін айқара ашты. Көп жылдан бері құрылысында кедергілерге тап болған аурухана тәулік бойы 200 баланы қабылдап, ем-дом жасауға қауқарлы. Мұнда барлығы 450 дәрігер ем жүргізеді. Жабдықтары озық. Сонымен қатар аурухана қатары травматология-ортопедия, нейрохирургия және жақсүйек-бет хирургиясы бөлімшелерімен толыға түсті. Аурухана директорының айтуынша, бұған дейін ондай науқастар мүмкіндік жоқтықтан Астанаға, я болмаса Х.Мақажанов атындағы клиникаға жіберілетін.
Жоба • 06 Маусым, 2023
Былтырдан бастап Қарағандыда IT-жобалар мен стартаптарды қолдауға арналған бірегей жоба – «Террикон алқабы» технологиялық IT-хабы іске қосылған болатын. Ұйымдастырушылар жергілікті IT және digital нарықты дамытуды көздеп отыр.
Сенат • 28 Мамыр, 2023
Бірегей құжаттар жинағы таныстырылды
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қарағанды облысына келіп, өңірдегі мәслихат депутаттарымен кездесті. Сондай-ақ cаяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылған «Ашаршылық. Голод. 1928-1934» бірегей құжаттар жинағының жаңа томдарын көпшілікке таныстыру рәсіміне қатысты.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2023
Қарағандылық кеншілер бір тәулікте 17 мың тонна көмір шығарып, металлургтер 8,5 мың тонна болат балқытады. Ірі және шағын өндіріс өнеркәсіптері 9 млрд теңгенің өнімін өндіреді. Қарағандының көтерме-сауда логистикалық орталықтарынан 80 мың жүк вагоны мен көлік жан-жаққа жол тартады. Ал кәсіпкерлері күн сайын облыс экономикасына 7 млрд теңге үлес қосады екен. Бұл – Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеген деректер.
Құқық • 24 Мамыр, 2023
Ел аман, жұрт тынышта балалар майып боп жатыр. Тал түсте терезеден құлаған бала туралы хабар көп. Мәліметтерді парақтасаңыз, жан түршігеді. Мәселен, 2021 жылғы жарияланған деректе соңғы бес жыл аралығында елде 150 бала биіктен құлап көз жұмыпты. Жас шамалары – екі жас пен бес-алты жас аралығы. Мамандар бұл оқиғалардың 2010 жылдан бері белең алғанын алға тартады.
Ауыл • 22 Мамыр, 2023
Қарағанды облысындағы ауыл мектептерінің автопаркі тағы сегіз жаңа автобуспен толықты. Көлік жол қауіпсіздігі талаптарына толық жауап береді. Автобустар Hyundai Trans Auto зауытында жасалған.
Ипотека • 21 Мамыр, 2023
Өңірде баспана алуға арналған бағдарламалар бар. Атап айтқанда, жастарға, кенші металлургтерге бағытталған ипотекалық бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Бұл – облыс әкімдігі мен «Отбасы банкінің» бірлескен жобасы. Мәселен, былтырдан бастап жас мамандарға арналған жеңілдетілген ипотека бағдарламасы іске қосылды. Оның пайыздық мөлшерлемесі 5 пайыз. Осы арқылы әлеуметтік, бюджеттік саладағы жастардың баспана алуына мүмкіндік мол. Тау-кенде жүрген металлург пен кеншілерге де берілер ипотеканың игілігін ел екінші жыл көрмек.