Туризм • 16 Мамыр, 2023
Балқашта туризмнің бағы қашан жанады?
Түркия секілді туристпен таң атырып, туристпен күн батырған ел болу – әзірге арман. Ұшақтан түскен қонағының табанын жерге тигізбей, маңдайын желге сүйгізбей, иіліп-бүгіліп қызмет көрсетуге жете қойған жоқпыз. Алдағы жылдарда жетерімізге де күмән-күдік көп. Жайлылығымен туристің жағасына шаң қондырмайтын түрік бауырлар туризм туралы сынақ алса, қирай жығыларымыз тағы шын. Өйткені өзімізде туризм деп жал күдірейткеніміз ондағы қызметтің қасында тезек теріп қалады. Содан да ішкі туризм іркіліп тұр. Қызмет көрсету – кемшін. Баға – удай. Жайлылық – төмен. Бұл олқылықтар көсіліп жатқан көкше көл Балқаштың да басында бар.
Қаржы • 19 Сәуір, 2023
Итті залалсыздандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Былтыр Қарағанды облысында 700 адамды ит қапқан. Бұл сан күн сайын қала көшелерін қаншама иесіз иттің кезіп жүргенін білдіреді. Айтпақшы, адам мен төрт аяқты хайуан арасындағы қарым-қатынастың заңмен реттелгеніне көп уақыт өткен жоқ. Бір жарым жыл бұрын «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енді. Бірақ бұл заң адамдарға иттен төнетін қауіпті азайтқан жоқ.
Жоба • 04 Сәуір, 2023
Қарағандылық оқушылар жүрегінде ақауы бар жандарды емдеуге арналған тың жоба жасап шығарды. Жоба авторлары – Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушылары Алдияр Нақып пен Алпамыс Исабеков.
Сайлау • 20 Наурыз, 2023
Қарағанды облысындағы 654 сайлау учаскесі таңғы жетіде ашылып, дауыс беру тәртіпке сай уақтылы басталды. Аймақта 700 мыңнан астам сайлаушы бар. Оның арасында, бірінші рет дауыс беруге келген жастың саны – 13 мыңға жуық.
Құрылыс • 15 Наурыз, 2023
Қазандық құрылысы қатаң бақылауда
Бұған дейін тиісті ұйымдар жария еткен талдаулар елдегі энергетика жүйесінің тозығы жеткенін жалпақ жұртқа мәлім етіп үлгерді. Бұл талдаулар жалпы елдегі осы саланың 60 пайызы тозып тұрғанын көрсеткен-ді. Бұндай олқылықтан Қарағанды аймағы да ада емес. Ондағы тозу осы шамалас. Яғни жылу электр орталықтарының тозуы кеншілер өңірінде 60-70 пайыз. Металлургтер мекені аталған Теміртаудың соңғы жылдары қыстың көзі қырауда дірдек қағуы – соның бір айғағы.
Сайлау • 10 Наурыз, 2023
Аумақтық комиссияларға арналған кеңес
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров пен комиссия мүшесі Сәбила Мұстафина Қарағанды мен Ұлытау облыстарының аумақтық сайлау комиссияларына инспекциялық сапармен барды.
Ұстаз • 07 Наурыз, 2023
М.Жұмабаев атындағы гимназияның қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Мөлдір Әлжанова: «Мен ақын емеспін, бірақ ойымды өлеңмен өрнектейтінім бар», дейді. Ал былайғы жұрт оны ақын деседі және «өлеңге таласы бардың» бәрі мойындайды да. Ақындығы өз алдына. Бүгінгі әңгіме – ақындығы емес, ұстаздығы туралы. Еліміздің «Үздік ұстазы» атанған Мөлдір Жақсыбайқызы «Мен шәкірттің шырағын жағу үшін мектептемін» (Мағжан), дейді.