Жоба • 04 Сәуір, 2023

Жүрекке дем беретін жоба

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандылық оқушылар жүрегінде ақауы бар жандарды емдеуге арналған тың жоба жасап шығарды. Жоба авторлары – Назар­баев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушылары Ал­дияр Нақып пен Алпамыс Исабеков.

Жүрекке дем беретін жоба

Оқушылардың «Имплант­та­латын кардиостимуляция және дефибрилляция жүйесі» атты жо­басы Астанада өткен бай­қауда I орынды жеңіп алды. Жо­­баны сәтті қорғаған Ал­дияр­­ға Қазақстан-Британ тех­ни­калық университетінің гранты бұйырды. Оның айтуынша, құрылғы аурудың түрін бірден анықтайды. Содан соң жүрекке соған орай электр им­пульсін жібереді. Ол импульстер жүрекке күш бермек.

– Біздің құрылғы тері астына бекітіліп, ал электродтар жү­рекке қан тамырлары арқылы орнатылады. Құрылғы аурудың тү­рін дереу анықтап, электр им­пульстерін жібереді. Бұл импульстер жүрек бұлшық ет­теріне оның жұмысын тежеп не жеделдету арқылы әсер етеді, – дейді ол.

Мұндай кардиостимуляция және дефибрилляция жүйесі жүректің тахикардия, брадикардия, жүрек қарыншасының фибрилляциясын емдеуге көмек­теседі екен.

Биомедицина, инженерия және технология байқауына алты секция бойынша 100-ге жу­ық жоба қатысқан. Соның арасында қарағандылық оқу­шы­лардың тағы бір жобасы – «Ақылды» протез­дер және олар­дың элементтері. Экзо және эн­допротездеу» үздік деп танылды. Сонымен қатар Қа­ра­­ғандыдағы NIS оқушысы Ұлан Мұс­тафин «Адам ағзасының функ­ционалдық жай-күйін мо­ниторингілеуге арналған ап­па­рат­тық-бағдарламалық құ­рал­дар» секциясында үшінші орын ие­ленді.

Жалпы, бұл байқауға қа­ра­ғандылық білімпаздар бес жо­ба ұсынған екен. Оның арасында «Аяқ-қолдары әртүрлі адамдарға арналған роботталған табан», «Сіңдіру әдісімен бірік­ті­рілген дәрілік гидрогель», «Бү­кірлікпен күресуге ар­налған Pos­true құрылғысы және мо­биль­ді қосымша» жобалары да бар.

 

ҚАРАҒАНДЫ