Қырағылық танытқан мекеме қызметкерлері шұжықтың ішіне жасырылған ұялы телефонды тапты. Бұл бандерольді анасы ұлына арнайы жібермек болған.
Тексеру барысында Samsung ұялы телефонын, Beeline сим-картасы және зарядтағыш құрал тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы негізінде іс қозғалып, кінәлі тұлғаға қатысты материалдар сотқа жіберілді.