Оқиға • Бүгін, 15:12

Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы күндері Күн бетінде бірқатар қуатты жарылыстар тіркелді. Ең соңғысы M5.7 класына жатады. Ғалымдардың айтуынша, қазіргі сәтте бұл құбылыстар Жерге тікелей қауіп төндірмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?

Фото: Pixabay

Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтына қарасты Күн астрономиясы зертханасының мәліметінше, белсенді аймақтың әсері Жерге екі күннен кейін сезілуі мүмкін. Егер Күндегі белсенділік сақталса, бұл геомагниттік жағдайға ықпал ететін жаңа өзгерістерге әкелуі ықтимал.

Бақылау деректеріне сәйкес, 10 мамыр күні Күнде C класына жататын 11 әлсіз жарылыс тіркелген. Бұған дейін 7 мамырда M класына жататын ірі жарылыс болған, бұл Күн белсенділігінің әлі де жоғары деңгейде екенін көрсетеді.

Күн бетінде алапат жарылыс тудыра алатын энергия жинақталып жатқан болуы мүмкін

Мамандар жағдайды үздіксіз бақылауда ұстап отыр және алдағы күндері Күн белсенділігінің өзгеруі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Күн бетінде ауқымды жарылыс болды

Күндегі жарылыстар рентген сәулесінің қарқындылығына қарай A, B, C, M және X кластарына бөлінеді. Мұндай құбылыстар Жерде магниттік дауыл тудырып, энергетикалық жүйелердің жұмысына, жануарлар миграциясына әсер етуі және полярлық шұғыла аймағын кеңейтуі мүмкін.

Күнде қуатты жарқыл тіркелді: Жерге қалай әсер етуі мүмкін?

 

Соңғы жаңалықтар

Өзі оқымас – оқытпас

Пікір • Бүгін, 13:45

Инженерия баспалдағы

Digital • Бүгін, 13:10