Әлем • Бүгін, 15:39

Күнде қуатты жарқыл тіркелді: Жерге қалай әсер етуі мүмкін?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 наурыз күні Күнде ең жоғары X санатына жататын қуатты жарқыл тіркеліп, ғарышқа плазманың ірі бұлты тарады. Оның бір бөлігі Жер бағытына қарай жылжып келеді, деп жазады Egemen.kz.

Күнде қуатты жарқыл тіркелді: Жерге қалай әсер етуі мүмкін?

Фото: Depositphotos.com

Мамандар бұл құбылыстың планетамызға ықпал етуі мүмкін екенін теріске шығармайды.

Астрономдардың мәліметінше, жарқыл Астана уақытымен сағат 8:19-да болған. Бұл – ақпан айынан бері алғаш рет тіркелген осындай деңгейдегі белсенділік. Сонымен қатар, соңғы екі тәулікте Күндегі екінші ірі оқиға болып отыр, бұған дейін 28 наурызда дәл осылай плазма лақтырылған еді.

Ғарыштан алынған деректерге сүйенсек, плазманың негізгі бөлігі жанама бағытта қозғалып барады. Дегенмен, оның Жерге қатысты ығысу бұрышы шамамен 40° болғандықтан, бұлттың шеткі бөліктері планетамызға жетуі ықтимал.

Күн бетінде алапат жарылыс тудыра алатын энергия жинақталып жатқан болуы мүмкін

Мамандардың болжамынша, плазманың ықтимал әсері 1-2 сәуір аралығында сезілуі мүмкін. Бұл кезең NASA-ның Айға ұшатын кемесінің жоспарланған ұшырылымымен тұспа-тұс келеді.

Ғалымдар мұндай құбылыстар геомагниттік жағдайға әсер етіп, байланыс жүйелері мен навигациялық құрылғылардың жұмысына уақытша өзгерістер енгізуі мүмкін екенін айтады.

Күн бетінде ауқымды жарылыс болды

 

Соңғы жаңалықтар