Ауыл • 22 Мамыр, 2023

Ауыл мектептеріне – автобус

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысындағы ауыл мектептерінің ав­топаркі тағы сегіз жаңа автобуспен толықты. Кө­лік жол қауіпсіздігі талаптарына толық жауап береді. Ав­тобустар Hyundai Trans Auto зауытында жасалған.

Ауыл мектептеріне – автобус

«Қарағандыға Алматы қаласындағы Hyundai Trans Auto зауытында жасалған сегіз, жаңа қырық орындық мек­теп автобусы келді. Бұл көліктер Абай, Бұқар жырау, Қар­қаралы, Шет аудандары мен Теміртау қаласы Ақтау кен­тінің балаларын қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етеді, – дейді білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова.

Былтырдан бері ауыл мектептеріне заманауи 27 автобус берілді. Көліктер қазіргі заман талаптарына сай. Атап айт­қанда, мектеп сөмкелеріне арналған сөрелермен, есік ашыл­ғанда қозғалысты бұғаттау жүйесімен жабдық­талған. Жыл­дамдығын 60 км/сағаттан асырмайтын шектеу тетігі бар.

Бұған дейін QazTehna зауытының 19 жаңа автобусы ауыл мектептеріне табысталған болатын.

 

ҚАРАҒАНДЫ