«Қарағандыға Алматы қаласындағы Hyundai Trans Auto зауытында жасалған сегіз, жаңа қырық орындық мектеп автобусы келді. Бұл көліктер Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет аудандары мен Теміртау қаласы Ақтау кентінің балаларын қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етеді, – дейді білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова.
Былтырдан бері ауыл мектептеріне заманауи 27 автобус берілді. Көліктер қазіргі заман талаптарына сай. Атап айтқанда, мектеп сөмкелеріне арналған сөрелермен, есік ашылғанда қозғалысты бұғаттау жүйесімен жабдықталған. Жылдамдығын 60 км/сағаттан асырмайтын шектеу тетігі бар.
Бұған дейін QazTehna зауытының 19 жаңа автобусы ауыл мектептеріне табысталған болатын.
ҚАРАҒАНДЫ