Оқиға Айыртау ауданына қарасты Саумалкөл ауылында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, мердігер ұйымның қызметкерлері станция ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.
Өңірлік полиция департаменті еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
Болжам бойынша, жұмысшылар метан мен күкіртсутек газынан улануы мүмкін. Қаза тапқан азаматтар 48 және 50 жастағы тәжірибелі мамандар болғаны айтылды.
Еске салайық, кеше ғана Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытында өндірістік жазатайым оқиға болып, кәсіпорын жұмысшысы мерт болғанын хабарлаған болатынбыз.