Несие • 02 Мамыр, 2023
Жеңілдетілген несиенің алғашқы иесі
Жастар кәсіпкерлігінің өрісін кеңейтуді мақсат тұтқан жеңілдетілген несие беру бағдарламасы басталды. Елімізде осындай несиені алған алғашқы жастың бірі – қарағандылық Мөлдір Тайлақова. 2,5%-бен 5 млн теңгеге Мөлдір сұлулық салонын ашады. Жалпы, Қарағанды облысында жеңілдетілген шағын несиеге құжат қабылдау 2023 жылдың 1 наурызында басталса, оған бүгінде 31 өтініш келіп түскен екен. Бұйыртса, аймақта жеңілдетілген несиені биыл 324 адам алады.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2023
Ірі өндіріс орындарының әлеуметтік жобаларға атсалысуы маңызды-ақ. Кен байлықты игеріп қана қоймай оның шарапаты сол өңірге де тиіп жатса, ел ішіндегі біраз күрмеу шешіліп қалары анық қой. Сондай бір ымыраға бастаған ынтымақтастық туралы меморандумға «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-мен өңір әкімдігі қол қойды. Осы меморандум арқылы Қарағанды облысында 15 жобаны жүзеге асыруды «Қазақмыс» өз мойнына алып отыр.
Поэзия • 26 Сәуір, 2023
Ақындардың халықаралық фестивалі
Биылғы «Қарағанды көктемі» елдің есінде ұзақ уақыт сақталады, сірә. Өйткені бұл халықаралық деңгейдегі поэзия фестивалі еді. Сонау Әзербайжаннан, Түркиядан арнайы қонақтардың ат арытып келуі оның салмағын одан сайын арттыра түскен-ді. Екі күнге созылған фестивальдің өтуіне мұрындық болған – Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды филиалының басшысы Жанат Жаңқашұлы, зор қолдау көрсеткен – Қарағанды қаласы әкімдігі.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2023
Қарағандыда кітапсүйер қауым үшін үр жоба іске қосылды. Бұдан былай қоғамдық көліктегі кітапқұмар оқырман қалаған көркем шығармасын жол үстінде оқи алады. Жоба «Жол үстіндегі кітапхана» деп аталады.
Шаруашылық • 24 Сәуір, 2023
Жер емген диқандар үшін қазір – қауырт шақ. Өндірісті Қарағандының аграрлы Қарағандыға айналар әлеуеті жетерлік. Осы орайда аймақта жыл сайын дәнді дақылдар сіңірілетін алқаптар ұлғайып келеді. Ресми деректер кейінгі үш жылда, 2020-2022 жылдарда дәнді және бұршақты дақылдар алқабының аумағы 879,2 мың гектардан 931,4 мың гектарға дейін көбейгенін көрсетеді. Ол өсім пайызға шаққанда 5,9 пайыз шамасында. Ал биыл алқап тағы 25,7 мың гектарға ұлғаяды. Осылайша, бұл көктемде 957 мың гектар алқапқа дән сіңіру жоспарда екен.
Қоғам • 21 Сәуір, 2023
Қордаланып қалған кеншілер мәселесін реттеуде келісім комиссиясының ықпалы зор. Осы комиссия жұмысы нәтижесінде кеншілер қойған талаптардың басым бөлігі шешімін тауыпты. Алғаш комиссия құрылғанда кеншілер 12 мәселе көтерген болатын. Кейін олар толыға түсті.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2023
Қарағанды облысы: Шекті өлшемнен шыққан жоқ
Жанармайдың шекті бағасының нақтылануы бекеттер таблосындағы құнды бір-ақ күнде өзгертті. Бүгінде жанармай маркалары қымбаттады. Дегенмен Қарағанды облысында жанар-жағармай шекті бағада.
Қаржы • 19 Сәуір, 2023
Итті залалсыздандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Былтыр Қарағанды облысында 700 адамды ит қапқан. Бұл сан күн сайын қала көшелерін қаншама иесіз иттің кезіп жүргенін білдіреді. Айтпақшы, адам мен төрт аяқты хайуан арасындағы қарым-қатынастың заңмен реттелгеніне көп уақыт өткен жоқ. Бір жарым жыл бұрын «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енді. Бірақ бұл заң адамдарға иттен төнетін қауіпті азайтқан жоқ.
Еңбек • 13 Сәуір, 2023
Бес кір сабын бір қойға бағаланған тоқсаныншы жылдары халықтың ақпар алар көзі жоқ еді. Әйтпесе, Құдайдың құтты күні әр үйде сойылып, іш майы іске аспай, ит жеміне айналғанда одан кір сабын жасап шығаруды меңгеріп-ақ алар еді. Осы күні Қарқаралы ауданы Жаңатоған ауылындағы Мейірлан Бодау және Думан Қожакеев есімді азаматтар малдың ішмайынан кір сабын дайындап жатыр. Химиялық қоспасы жоқ, таза табиғи өнім деседі өздері. Сертификатын әлі алып үлгермегеніне қарамастан, ел ішінде айтарлықтай сұранысқа ие болып үлгеріпті.
Қоғам • 13 Сәуір, 2023
Қалаға келген қыз-жігітті қолдау қажет
Қалаға ағылған ауыл жастарының қатары жыл сайын көбейіп отырғаны қоғамды алаңдатуы керек. Жалпы, бұл – жылдар бойы шешілмеген әлеуметтік мәселенің кермек дәмі. Ушыққан мәселенің одан сайын асқынуына бейберекет жоспарланбаған ішкі көші-қонның да зор ықпалы бар. Яғни қала жағалаған азаматтардың санында ғана емес, өмір сүру сапасында да орасан алшақтық байқалып тұр.