Қолдау көрсеткен Қарағанды қаласыны әкімдігі. Санаулы уақыттан соң Қарағанды қаласының басындағы 60 қоғамдық көлікте электронды кітап оқуға осындай мүмкіндік жасалады. Әзірге оның саны – 22. Бұл арада тек жолаушының ақылды телефоны интернетке қосылулы болса жеткілікті. QR кодпен көркем шығарманы жүктей алады.
«Жол үстіндегі кітапхана» көліктің ортаңғы бөлігінде орналасқан. Онда әр көркем шығарманың QR-коды жазылған. Оқырман талғамына сәйкес қазақ, орыс, шетел әдебиеті бар. QR-кодты сканерлеу арқылы жолаушы қалаған туындысын телефонына жүктейді. Жоба халықтың бетін кітапқа бұруды мақсат тұтыпты.
«Жылжымалы кітапхана көркем әдебиетке оқырман тарту үшін жабдықталған. Қазақ, орыс және шетел классикасы секілді үш бөлімнен тұрады. Шығармалардың арасында Мұхтар Әуезовтің «Көксерек», Абай Құнанбайұлының «Ескендір», Александр Пушкиннің ертегілері, Артур Конан Дойлдың «Жоғалған әлем» және басқа да туындылары бар. Жобаға жүру бағыттары ұзақ және жолаушылар ағыны қалың маршруттар тартылды», дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Баспаөз қызметінің мәлімдеуінше, кітапхананың цифрлық мұрағатында барлығы 41 туынды. Оның 21-і қазақ классикасы, 14-і шетел және қалғаны орыс классикасы.
Қарағанды