Аймақтар • 27 Сәуір, 2023

Корпорацияның көмегі

196 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ірі өндіріс орындарының әлеуметтік жобаларға атсалысуы маңызды-ақ. Кен байлықты игеріп қана қоймай оның шарапаты сол өңірге де тиіп жатса, ел ішіндегі біраз күрмеу шешіліп қалары анық қой. Сондай бір ымыраға бастаған ынтымақтастық туралы меморандумға «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-мен өңір әкімдігі қол қойды. Осы меморандум арқылы Қарағанды облысында 15 жобаны жүзеге асыруды «Қазақмыс» өз мойнына алып отыр.

Корпорацияның көмегі

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов пен «Kazakhmys Holding» ЖШС ESG жобасының жетекшісі Сәкен Шаяхметов қолымен бекіген өзара ынтымақтастықты нығайтатын құжатта көптеген әлеуметтік мәселелер қамтылған.

Бұл меморандум арқылы «Қазақмыс» корпорациясы өзі кен игерген аудан-қалада бірқатар жобаларды іске асырады. Яғни сол өңірлердің инфрақұрылымын дамытып, абаттандырылуына көмек беруі тиіс.

Соның арасында Балқаш қаласы бірінші кезекте. Балқаш табанынан кен өндіруші компания алдағы кезеңде шаһардың тыныс-тіршілігіне ықпал етер міндеттеме алды.

Атап айтқанда, таяу жылдары Балқашта бас кәріз коллек­торының 2,1 шақырымды апаттық учаскесі корпора­ция тарапынан ағымдағы жөн­­деуден өтеді. Бұрынғы ем­­ха­на ғимараты да қайта жа­­ңарып, бала­бақша ретінде іске қо­сылатын болады. Ур­банис­ти­ка орталығымен бір­лесіп, қа­ланы абаттандыру жо­ба­лары ел игі­лігіне беріледі. Сон­дай-ақ «Қазақмыс» корпора­циясы Балқаш қаласының тір­шілікті қамтамасыз ету же­лі­­лерінің кейбіреуінің жоба­лық-сметалық құжаттамасын қар­жыландырады.

Меморандумда «Қазақмыс» үлес қосатын басқа да жоба­лар бар. Оның ішінде, компания Қарқаралы ауданы Абыз ауы­лындағы мектепті жөн­деуге қолдау көрсетеді. Ақтау кен­тіндегі бес қабатты екі үйдің шатырын жөндеу де олар­дың алдағы жоспарына іліккен.

Жалпы, әлеуметтік әріптестік туралы меморандумға қол қою өңірдің дамуына серпін береді деп күтілуде.

 

Қарағанды облысы