Тұлға • 17 Наурыз, 2023
Жылына 300-ден аса түрлі операция жасайтын хирург 40 жылғы еңбегінде орта есеппен 12 мың адамның жанына араша түскен екен. Кейде тәулігіне 3 операциядан жасаған. 24 сағат бойы үй бетін көрмеген күндері де бар. Жедел жәрдем сан рет алып кетіп, шұғыл операция жасаған түндері қаншама. Бір адамды аман сақтау үшін 5-6 сағат тізе бүкпей, тер моншақтап шыққан кезеңдер ше? Өте көп. Еңбек жолы осылай өтіп келеді. Оған өзі ешқашан өкінген емес. Бұл – хирург Қайрат Түгелбаевтың дәрігерлік еңбек жолынан үзік сыр.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2023
Осыдан тура бір жыл бұрын Жезқазған өңірі жұртшылығы бөркін аспанға атып қуанды. Үлкен-кішісі бір-біріне ақжолтай айтысып, сүйінші сұрасқан еді. Өйткені 16 наурыз күні Президент «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында елдегі өңірлер қатары жаңа үш облыспен толығатынын мәлімдеген еді. Үштіктің ішінде оңтайландыру кезінде ұшынған бидайдай күй кешкен бұрынғы Жезқазған облысының орнын оңалтатын жаңа Ұлытау облысы да бар.
Құрылыс • 15 Наурыз, 2023
Қазандық құрылысы қатаң бақылауда
Бұған дейін тиісті ұйымдар жария еткен талдаулар елдегі энергетика жүйесінің тозығы жеткенін жалпақ жұртқа мәлім етіп үлгерді. Бұл талдаулар жалпы елдегі осы саланың 60 пайызы тозып тұрғанын көрсеткен-ді. Бұндай олқылықтан Қарағанды аймағы да ада емес. Ондағы тозу осы шамалас. Яғни жылу электр орталықтарының тозуы кеншілер өңірінде 60-70 пайыз. Металлургтер мекені аталған Теміртаудың соңғы жылдары қыстың көзі қырауда дірдек қағуы – соның бір айғағы.
Жастар • 14 Наурыз, 2023
Құлтемірдің құлағында ойнайтын буын өсіп келе жатыр. Жасанды интеллект жасап шығаруда қазақтың қара домалақтары әлемдік додаларда ой жарыстыра алады. Қарағанды аймағының алты мектебі роботтехника бойынша Орталық Азия ойындарында жүлделі орындар мен атаулы сыйлықтарды жеңіп алуы – сөзімізге дәлел. Олардың біразы дүниежүзілік чемпионатта сынға түспек.
Төтенше жағдай • 14 Наурыз, 2023
Қар көбесі сөгілді дегенше, тасқын қаупі күшейеді. Қапы қалмас үшін қарекет қажеттігін бұрнағы жылдар ұдайы еске салып жүр. Қарғыннан қатер әзірге Қарағандыға төнген жоқ. Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, аймақта жағдай бүгінде бірқалыпты.
Әлем • 14 Наурыз, 2023
Ұлыбританияда жарық көрген құнды жинақ
Орталық Қазақстандағы аштыққа қатысты архивтік құжаттар, айтылмаған ақиқаттар, көзкөргендер естелігі топтасқан қарағандылық ғалымдардың еңбегі Ұлыбританиядан ағылшын тілінде жарық көрді. Ол – «The Famine of 1931–1933 in Central Kazakhstan Collection of Archival Documents and Memoirs» жинағы («Орталық Қазақстандағы ашаршылық 1931-1933: мұрағаттық құжаттар мен естеліктер жинағы»). Оны «Palgrave Macmillan» халықаралық ғылыми кітап-журнал баспасы басты.
Сайлау • 10 Наурыз, 2023
Аумақтық комиссияларға арналған кеңес
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров пен комиссия мүшесі Сәбила Мұстафина Қарағанды мен Ұлытау облыстарының аумақтық сайлау комиссияларына инспекциялық сапармен барды.
Ұстаз • 07 Наурыз, 2023
М.Жұмабаев атындағы гимназияның қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Мөлдір Әлжанова: «Мен ақын емеспін, бірақ ойымды өлеңмен өрнектейтінім бар», дейді. Ал былайғы жұрт оны ақын деседі және «өлеңге таласы бардың» бәрі мойындайды да. Ақындығы өз алдына. Бүгінгі әңгіме – ақындығы емес, ұстаздығы туралы. Еліміздің «Үздік ұстазы» атанған Мөлдір Жақсыбайқызы «Мен шәкірттің шырағын жағу үшін мектептемін» (Мағжан), дейді.
Қоғам • 06 Наурыз, 2023
Батыл бала қарындасын өрттен құтқарды
Ел ішінде тілсіз жау – өрттің өзекті өртейтін өкінішке ұрындыруы жиі қайталанып тұр. Сондайда жалынға оранған үйден көптеген адамды құтқарған бейбіт тұрғындардың ерлігі өз алдына бөлек әңгіме. Тіпті балдырғандар батылдық танытқан оқиғалар да аз емес. Қарағандыда өрт шыққан үйінен қарындасын аман алып шыққан бала туралы барша БАҚ жабыла айтып жүр.
Мектеп • 02 Наурыз, 2023
Қарағанды өңірінде 2025 жылға дейін 18 мектеп бой көтереді. Ал биыл заман талабына сай өзгеше форматтағы 10 мектептің құрылысы басталады. Жайлы мектептердің жер телімін ресімдеу, инженерлік коммуникациялар жүйесін тарту, жылдамдығы күшті интернетпен қамту мәселелерін жергілікті билік Samruk-Kazyna Construction компаниясымен бірлесе реттемек.