Жастар • 14 Наурыз, 2023

Әлемдік додада ой жарыстырады

276 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Құлтемірдің құлағында ойнайтын буын өсіп келе жатыр. Жасанды интеллект жасап шығаруда қазақтың қара домалақтары әлемдік додаларда ой жарыстыра алады. Қарағанды аймағының алты мектебі роботтехника бойынша Орталық Азия ойындарында жүлделі орындар мен атаулы сыйлықтарды жеңіп алуы – сөзімізге дәлел. Олардың біразы дүниежүзілік чемпионатта сынға түспек.

Әлемдік додада ой жарыстырады

Астанада өткен Central Asia First championship – 2023 роботтехника ойындарында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 1 200-ге жуық оқушы бақ сынасты. Қарағанды облысының намысын сегіз команда қорғап, оның алтауы жүлделі орындар мен аталымдарға лайық деп танылды. Мәселен, ой жарысында екінші орын иеленген «Мұрагер» мамандандырылған мек­теп-лицей интернаты оқу­шы­ларының JelToqSun коман­дасы АҚШ-та өтетін First championship – 2023 дүние­жүзілік чемпионатына жолдама алды.

– Балалар барын салып да­йындалды. Бұған дейін олар жас роботтехниктердің бірнеше жарысында жүлделі орын алған еді. Команда құрамында жеті оқушы бар. Енді дүниежүзілік чемпионатқа дайындаламыз. Осы жарыста мектептің тағы бір командасы – Alash инже­нер­лік шеберліктің жоғары дең­гейі және жобалаудың ин­но­­вациялық тәсілдері үшін Engineering Excellence Award аталымында мара­пат­тал­ды, – деді «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының ин­­­­фор­мати­ка және роботтех­ни­ка мұға­лі­мі­ Бердібек Қазығұлов.

Сонымен қатар Best pit award finalist аталымында Mirinda командасы жеңіске жетті. Motivate Award аталымында жүлде Бұқар жы­рау ауда­ны Үштөбе ті­рек мек­­те­­бінің Ushtobe team ко­ман­да­сына бұйырды. ­Core value аward finalists аталы­мын­да­­ ­­«Дарын» мамандандырылған мек­­­­­­теп­-лицей-интернаты­ның ­Da­­ryn­­­ ­командасы озық шық­ты.

– Бұл байқауда біз өңірлік кезеңде Innovation project аталымында бірінші орынды­ иелендік. Core values секция­сында жүлдегер атандық. Робот­тармен жұмыс істеуге ұзақ уа­қыт­ жұмсалды. Осы сек­­цияда үз­­дік ондықтың қата­ры­нан табыл­ға­ны­­мызға қуаныш­ты­мыз, – дейді «Дарын» мамандандырылған мек­теп-лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Абылай Қадырбек.

Н.Нұрмақов атындағы ма­ман­­­­­дандырылған мектеп-лицей-ин­тер­натының #Nur­ma­kov­ командасы да қам­шы сал­дыр­­май,­ жазда өтетін шетелдік бай­қау­лардың біріне жолдама алды.

– Біздің жоба жеке сектор мен­ ауылдық аудандарда электр энергиясының үзілу мәселесін шешуге бағытталған. Мұны арна­йы құрылғыларды үш фазаға орналастыру арқылы басқара аламыз. Ол үшін макет жасадық, құрылғымыздың қалай жұмыс істейтінін көрсеттік. Балалар жобаны сәтті қорғап шықты. Дегенмен, әлі де жетілдіру керек. Жазда Бразилияға немесе АҚШ-қа бақ сынауға бара­мыз, – дейді роботтехника­ бо­йын­ша жат­тық­тырушы, информатика­ пәні­нің мұғалімі Айдар Сейілханов.

 

ҚАРАҒАНДЫ