Құрылыс • 06 Сәуір, 2023
Қазір Қарағандыда құрылыс компанияларының нарқы жоғары. Шаһардың әр тұсынан бір жаңа үй құрылысы бой көтеріп келеді. Осылайша, баспаналы болғысы келетіндерді қызықтырып, көзді арбайды.
Еңбек • 05 Сәуір, 2023
Кеншілер аймағы биыл 54 мың адамның жұмыспен қамтылуын жоспарлап отыр. Бұл бағытта қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және зейнет жасына дейінгі адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі бағдарламаның ықпалы зор. Бұған қоса жеңілдетілген несие, өтеусіз гранттар кәсіпкерліктің өрісін кеңейтіп, жұмыссыздықты жоя түспекші.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2023
Қарғын қапы қалдырған өңірлер арасында Қарағанды аймағы жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, өңірде су тасқынына қатысты жағдай тұрақты. Ғарыштан бақылау аймақтың әлі 25 пайызы қар астында жатқанын көрсетті.
Жоба • 04 Сәуір, 2023
Қарағандылық оқушылар жүрегінде ақауы бар жандарды емдеуге арналған тың жоба жасап шығарды. Жоба авторлары – Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушылары Алдияр Нақып пен Алпамыс Исабеков.
Балалар • 30 Наурыз, 2023
Бас жүлде «Таңшолпан» баласында
Пешенесіне әке мен шеше мейірі бұйырмаған балдырғандарға арналған байқауда кішкентай қарағандылықтар біраз жүлдені еншілеп келді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық фестивалі «Қазақстан – менің алтын бесігім» аталды. Байқаудың кішкентайлар санатындағы бас жүлдесін қарағандылық Сергей Касьянов иеленді.
Халық • 26 Наурыз, 2023
Солақай саясат салдарынан қазақ жеріне тарыдай шашылған өзге ұлыс өкілдері өз тамырынан ажыраған жоқ. Өйткені еліміз ешкімнің дәстүр-салтын, әдет-ғұрпын ұмыттыруға ұмтылмады. Қайта тілін, ұлттық болмысын сақтап қалуға ықпал еткені мәлім. Соның бір бұлтартпас дәлелі – әр өңірде өзге ұлттардың мәдени орталықтары мен қауымдастығының жұмыс істеп тұруы болса керек.
Сайлау • 20 Наурыз, 2023
Қарағанды облысындағы 654 сайлау учаскесі таңғы жетіде ашылып, дауыс беру тәртіпке сай уақтылы басталды. Аймақта 700 мыңнан астам сайлаушы бар. Оның арасында, бірінші рет дауыс беруге келген жастың саны – 13 мыңға жуық.
Сайлау • 20 Наурыз, 2023
Азаматтық ұстаным нақтыланған күн
Ұлытау облысында Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізуге 134 сайлау учаскесі жұмылды. Жалпы, облыста 140 мың сайлаушы тіркелген. Оның шамамен 40 пайызы облыс орталығы Жезқазғанда тұрады.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Депутаттар басты құндылықтарды бағалауға міндетті - Вилен Молотов
Қарағанды облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі, Қарағанды қаласының медициналық университеті ректорының кеңесшісі қоғам қайраткері Вилен Молотов-Лучанский бүгінгі сайлауда үміт артқан болашақ депутаттар ел болашағы жолында мемлекеттің дамуын қамтамасыз етуі тиіс деп біледі. Ол сайлаушылар дауыс берген депутаттар мен партиялар мемлекетіміздің басты құндылықтарын бағалап, нығайтуға міндетті деген пікірде, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
Қарағанды облысында 700 мыңнан астам сайлаушы бар
Қарағанды облысындағы 654 сайлау учаскесі таңғы жетіде ашылып, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутат сайлау үшін дауыс беру басталды, деп жазады Egemen.kz.