Аймақтар • 04 Сәуір, 2023

Қар толық еріген жоқ

327 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарғын қапы қалдырған өңірлер арасында Қарағанды аймағы жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, өңірде су тасқынына қатысты жағдай тұрақты. Ғарыштан бақылау аймақтың әлі 25 пайызы қар астында жатқанын көрсетті.

Қар толық еріген жоқ

Жер әбден қараймайынша, ар­қа­­ны кеңге салуға ертерек­. Сондықтан да жергілікті атқа­ру­шы билік қауіп төндірген ай­мақ­тарды бақылауда ұстап отыр. Бұ­ған дейін мәлім болғанындай, өңір­де қызыл су жүруі мүмкін де­ген 146 елді мекен бар. Бірақ бү­гінгі таңға дейін олардың еш­қайсынан жаманат хабар түспеді.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпановпен су тасуы мүмкін учаскелерді жақында арнайы аралап көріп, қадағалауды одан әрі күшейтті. Ол учаскелер – Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің арнасындағы аумақ. Атап айтқанда, Қарқаралы, Бұқар жырау, Шет және Абай аудандарының қауіпті учаскелері бақылауда. Сонымен қатар елді мекендер маңындағы гидротехникалық құрылымдар да қатаң қадағалауда. Су арнасынан асқан тұста септігі тиер топырақ үйінділері мен бөгеттер де назардан тыс қалмады.

Мұрат Қатпановтың айтуынша, қардың күрт еріп, әбігерге салғаны әзірге байқалмайды.

– Ақтоғай және Шет ауда­н­да­рының солтүстік аумақтары, Бұ­қар жырау ауданының оң­түс­тік-батыс бөлігі, Осакаров ау­да­нының батыс бөлігі және Нұра өзенінің арнасы бойынша­ Нұра ауданының солтүстік-шы­ғы­сының аз бөлігі әлі де қар ас­т­ы­нда.

Қардың жылдам еруіне нау­рыздың басындағы жылы күндер, жауын-шашын, күзгі жауын-шашынның әдеттегі қалыптан төмен түскендігі де әсер етті. Өзендердің арнасынан асуы мен су мөлшерінің артуы тіркелген жоқ, – деді Мұрат Қатпанов.

Өзендерде мұзды ұсақтау, бұр­ғылау және кесу үнемі жүр­гі­зі­ліп келді. Бұл орайда Бұқар жырау,­ Осакаров, Қарқаралы және Ақтоғай аудандарында жалпы­ ауданы 7000 шаршы метр бола­тын 17 учаске қамтылды.

4845 су өткізу құбыр, 187 ша­қы­­рым канал мен арық, 463 көпір қар­­дан аршылды. 143 шақырым су­­ өтетін траншея жасалды. Қа­зір­­гі уақытта да су тасқынына қар­­сы жұмыстар саябырсыған жоқ.

 

ҚАРАҒАНДЫ